Палатаға мүшелік
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 18- бабына сәйкес 2018 ж.10.01
Бағалаушылар палатасына мүшелікке қойылатын талаптар
1. Бағалаушы бір ғана бағалаушылар палатасының мүшесі бола алады.
Мыналар:
1) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлік;
2) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы бағалаушылар палатасына мүшеліктің міндетті шарттары болып табылады.
2. Бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру үшін жеке тұлға:
1) өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжатты;
3) "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті;
4) экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ қасақана жасалған ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығының болмауы туралы анықтаманы;
5) бағалаушылар палатасы белгілеген өзге де құжаттарды ұсынады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген ережелердің сақталмауы бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
4. Өтініш беруші бағалаушылар палатасының тиісті бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту жөніндегі әрекеттеріне бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.