2021 жылғы 14 шілдеде бағалаушылар мен сарапшыларға үміткерлер үшін емтихан
Құрметті бағалаушылар және «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерін алуға таласушы тұлғалар!
«Өзін-өзі реттейтін Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының ұйымы» БП 2021 жылғы 14 шілдеде «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін алуға таласушы тұлғаларға біліктілік емтихандарын өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
Емтихан өтетін жер: Павлодар қ., Едіге би көш., 76, 306 кеңсе
Емтихан 9-00-де басталады.
Біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тәртібі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағалаушыларға, сарапшыларға үміткерлердің біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №517 бұйрығы).
Емтиханға жіберу үшін үміткер біліктілік комиссиясына әр мамандандыру түрі бойынша осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініш пошта арқылы палатаның электронды мекен-жайына: valuer.kz@mail.ru немесе арнайы жіберіледі.
Үміткердің өтінішіне келесі құжаттар қоса берілуі керек:
1) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі («сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлікке үміткер үшін қажет емес);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Бағдарламаға сәйкес және бағалаушылар палатасы бекіткен сағат көлемінде үміткердің оқуды немесе кәсіптік қайта даярлауды аяқтағанын растайтын құжаттар;
4) тағылымдаманың өтілгенін растайтын құжаттар («сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлікке үміткер үшін талап етілмейді).
5) есеп айырысу шотына жасалған, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі төлем туралы түбіртек.
Төлеуге арналған шотты алу үшін палатамен 8-7182-51-32-40, 8 7775513240 телефондары арқылы байланысу керек немесе valuer.kz@mail.ru электрондық поштасына сұраныс жіберу керек.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 2021 жылдың 20 маусымы.
Ақпарат алу келесі телефондар арқылы: 8-7182-51-32-40, 8 7775513240.