2020 жылдың 11 наурызынан 2020 жылдың 14 наурызына дейін қайта даярлау курстары өткізілді.
"Өзін-өзі реттейтін Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының ұйымы" БП "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер адамдар үшін бағалау қызметі саласындағы мамандарды кәсіби қайта даярлау (бұдан әрі – қайта даярлау) курстарын өткізді.
Қайта даярлау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының талаптарына сәйкес бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Үлгілік бағдарлама (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығы) бойынша жүргізіледі.