Құрметті "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер кандидаттар
"Өзін-өзі реттейтін Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының ұйымы" БП 2021 жылғы 14 шілдеде "бағалаушы" және "сарапшы" біліктілігін иеленуге үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтихандарын өткізу жоспарланғанын хабарлайды.
Емтиханды өткізу мекенжайы: Павлодар қ., Едіге би к-сі, оф.306.
Біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу Қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығы.).
Емтиханды тапсыру рұқсатын алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша маманданудың әрбір түрі бойынша өтініш береді.
Өтініш пошта арқылы Палатаның электрондық мекенжайына: valuer.kz@mail.ru немесе қолма-қол жеткізіледі.
Кандидаттың өтінішіне мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
1)жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі ("сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті алуға үміткер үшін талап етілмейді);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) бағалаушылар палатасы бекіткен бағдарламаға сәйкес және сағат көлемінде кандидаттың оқудан немесе кәсіптік қайта даярлаудан өткені туралы куәландыратын құжаттар;
4) тағылымдамадан өткені туралы куәландыратын құжаттар ("сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті алуға үміткер үшін талап етілмейді).
5) есеп айырысу шотына жүзеге асырылған, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген сомасына ақы төленгені туралы түбіртекті қамтуға тиіс.
Төлем шотын алу үшін Палатаға 8-7182-51-32-40, 8 7775513240 тел.бойынша жүгіну немесе valuer.kz@mail.ru эл. поштасына сұраным жіберу қажет.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2021 жылғы 20 маусымға дейін.
Анықтама телефондары: 8-7182-51-32-40, 8 7775513240.